Демалыс күндері күн жылынады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның батысына, солтүстік-батысына және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс циклон әсер етеді, осыған байланысты: елдің батысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, ал солтүстік-батысында және солтүстігінде қар жауып, боран соғады деп болжанып отыр.
Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман және жел 15-25 м/с күшейеді.
Қазақстанның батысында температуралық фон күндіз 2-10 градус жылы, солтүстік-батысында 5 аяз-5 градус, солтүстігінде, шығысында және орталығында 5 аяз-2 градус, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 5-15 градус болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отанын сүйген ұлттық ұландар
Өзгелердің жаңалығы