Демалыс күндері күн суытады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29 сәуір мен 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімнің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде солтүстікте, орталықта, шығыста жаңбыр аралас қар жауады.
Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады.
Республика бойынша желдің күшейіп, тұман түседі. Оңтүстік өңірлерде - шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік антициклонның енуінен Қазақстанның басым бөлігінде температураның төмендейді.
Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін үсік жүреді, шығыста температура 1-10 градус болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы