13 Желтоқсан 2024 2024, 15:23
Фото: -архив
Демалыс күндері күн райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын Солтүстік және Оңтүстік циклондар айқындайтын болады. 14-15 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
16 желтоқсан еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Республика бойынша көктайғақ, тұман, жел күшейіп, боран соғады.
Еліміздің солтүстік-батысында түнде ауа температурасының 10-18 аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 15-25 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-17 аязға дейін, таулы аудандарда 20-27 аязға дейін төмендейді.