Демалыс күндері кей өңірлерде -39 градус ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы тәуліктерде елдің басым бөлігі циклонның ықпалында болады, найзағаймен жаңбыр жауады, дауылды жел соғады, еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы болжанады.

Жаңбыр 22-23 маусымда еліміздің батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батысында, 22 маусымда еліміздің солтүстігінде жауады.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+35°C дейін, шығысында +31+39°C дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында +22+30°C дейін, оңтүстігінде +30+38°С дейін, оңтүстік-шығысында +25+38°С дейін төмендейді, солтүстігі мен орталығында +23+36°С мен +28+38°С аралығында өзгереді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы