Бүгiн 2026, 16:50 Фото: istockphoto.com

Демалыс күндері интернет неге істемей қалды: Министрлік түсініктеме берді

Ведомство мәліметінше, халықаралық интернет-трафик өтетін магистральдық байланыс кабелі құрылыс жұмыстары кезінде зақымданған.

Осы демалыс күндері Қазақстанның кейбір тұрғындары интернет пен жекелеген онлайн-ресурстардың жұмысында іркілістерге тап болды. Оқиғаның себебін ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі түсіндірді.

Ведомство мәліметінше, ақау құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдануына байланысты болған.

«Қазақтелеком» АҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафик өтетін негізгі бағыттардың бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған. Мамандар трафикті жедел түрде резервтік арналарға ауыстырып, байланыстың толық үзілуіне жол бермеді, – деп мәлімдеді министрлік.

Қазіргі уақытта зақымданған учаскеде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Цифрлық даму министрлігі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін желі қалыпты режимде толық жұмыс істейтінін мәлімдеді.