16 Қазан 2026, 15:29 Фото: unsplash.com

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері Қазақстанда ауа-райы құбылмалы болады. 17-19 қазан аралығында еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Кейбір өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, найзағай ойнауы ықтимал.

Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашын атмосфералық фронттардың әсерінен болады. Шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Республиканың барлық өңірінде тұман түсуі мүмкін. Шығыста көктайғақ болып, батыста найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -1…-7 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +18…+25 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік-батыста түнгі температура 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін ауытқиды. Күндіз ауа температурасы +13…+18-ден +15…+20 градусқа дейін болады.

Солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа +6…+12-ден +12…+17 градусқа дейін жылынады.

Орталық өңірлерде күндіз ауа температурасы +10…+20 градус аралығында болады.

Шығыста түнде ауа температурасы 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +3…+12 градус, ал таулы аймақтарда шамамен -2 градус болады.

Оңтүстікте түнде ауа температурасы +2…+7 градус, күндіз +18…+25 градус болады.

Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +10…+18 градусқа дейін көтерілсе, таулы аймақтарда +3…+8 градус шамасында болады.