Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс өңірлер белсенді фронтальді бөлімдер аймағында болады. 

Салдарынан батыс аймақта найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел тұрып, ауа температурасы төмендейді. 

Республиканың қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз және шуақты ауа райы сақталады.

Елдің батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 7 ... 18, күндіз 17... 26 жылы, солтүстікте ауа температурасы түнде 4 ... 13, күндіз 22...30 ыстық болса, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы 2...17, күндіз 25...36 градус ыстық болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 14 ... 22, күндіз 29...38 градус ыстық болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы