Демалыс күндері ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы
Қазақстанда жақын күндері жылы ауа райы орнайды
5-7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Осыған байланысты негізінен құрғақ және аздаған бұлтты ауа райы күтіледі.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай мен желдің күшеюімен қатар жүретін қысқамерзімді жаңбыр жаууы ықтимал.
Барлық өңірде жазғы мезгілдегідей жылы ауа райы орнайды. Шығыста, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде ауа температурасы салқын күйінде сақталады.
Өңірлерде температура қандай болады?
-
Батыста, солтүстікте және орталықта – +25–33°C;
-
Шығыста – +20–25°C;
-
Оңтүстікте – +28–37°C;
-
Оңтүстік-шығыста – +20–30°C;
-
Оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында – +10–20°C.
Ең ыстық ауа райы елдің оңтүстігінде күтіледі. Мұнда ауа +37°C дейін қызады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының жекелеген аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.