Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан бойынша 2023 жылғы 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, ылғалдың үлкен қоры бар Солтүстік циклон алдағы күндері бұлтты және күзгі салқын ауа райын анықтайды.
Бүкіл Қазақстан бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстікте, орталықта, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің басым бөлігіндегі ауа температурасы күндіз 10-20 градус жылыға дейін, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 20-30 градусқа дейін жоғарылайды, - делінген "Қазгидромет" таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Заңсыз ауланған 2,5 тонна шаян мен 515 келі балық тәркіленді
Өзгелердің жаңалығы