Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер республика бойынша 29-31 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады. Жауын-шашын күтіледі, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда-қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста жаяу бұрқасын болады деп болжануда.

Ауа температурасы: 

батыста түнде 2 аяз – 8 жылыдан 2-11 жылыға дейін, күндіз 3-12-ден 7-17 жылыға дейін жоғарылайды;

солтүстік-батыста түнде 13 аяз - 2 жылыдан 7 аяз - 3 жылыға дейін, күндіз 5 аяз-8 жылыдан 0-10 жылыға дейін жоғарылайды;

солтүстікте түнде 5-10 аяздан 7 аяз -2 жылыға дейін, күндіз 3 аяз-2 жылыдан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды

түнде орталықта 5-13 аяздан 3 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 3 аяз - 8 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды;

шығыста түнде 5-13 аяздан 6 аяз - 3 жылыға дейін, күндіз 7 аяз - 2 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды;

оңтүстікте түнде 5 аяз-8 жылы, күндіз10-20 жылыдан 3-15 жылыға ауытқиды

оңтүстік-шығыста түнде 13 аяз-5 жылыдан 8 аяз -5 жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 0-12-ден 2-15 жылыға ауытқиды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы