Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы үш күнде батыс пен солтүстікте күн суытады. Синоптиктер 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды,деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оңтүстікте циклон әсерінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.
Ауа температурасы төмендейтін өңірлер:
- батыста түнде +10+18-ден +8+16 градусқа дейін, күндіз +23+31-ден +17+25 градусқа дейін;
- солтүстік-батыста түнде +15+23-10+18 градус, күндіз +27+35-тен +21+28 градус.
- республиканың солтүстігінде +15+23-тен 8+16°С-қа дейін, күндіз +25+35-тен +17+25 градусқа дейін;
- республиканың орталығында негізгі фон түнде +10+22 градус, күндіз +30+38 градус.
Температура жоғары болатын өңірлер:
- шығыста түнде +4+15-тен +10+18 градусқа дейін, күндіз +22+27-ден +30+38 градусқа дейін;
- оңтүстік пен оңтүстік-шығыста негізгі температуралық фон түнде +15+25 градус, күндіз +30+40 градус.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аймағамбетов қандай пәндердің сағаттары көбейетінін айтты
Келесі жаңалық
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Өзгелердің жаңалығы