1 Тамыз 2019 2019, 22:45

Алматыда демалыс күндері 2 көше жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Қаладағы жылу құбырларын ауыстыруға байланысты демалыс күндері Төле би көшесінің кейбір бөліктері жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу желісі» ЖШС хабарлады.

Алматы, BAQ.KZ. Қаладағы жылу құбырларын ауыстыруға байланысты демалыс күндері Төле би көшесінің кейбір бөліктері жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу желісі» ЖШС хабарлады.

«Жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты 2 тамыз сағат 22.00-ден 5 тамыз 6.00 дейін Төле би көшесінің Байзақов көшесімен қиылысындағы бөлігі жабылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 3 тамыз бен 4 тамыз аралығында Ахметов пен Майлин көшелерінің қиылысқан тұсы да жабылады.