Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.


Қазақстанға атлантикалық циклон үлкен жылу және дымқыл қорымен ығысады. Алдағы тәуліктерде циклонның алдыңғы бөлігінің және жылы фронттың әсерінен ауа температурасының жоғарылауы, қар жауу, бұрқасын, күшті екпінді жел, республиканың оңтүстігінде және шығысында жылбысқы қар және көктайғақ болады. Келесі екі тәуліктерде циклонның және шығысқа суық арктикалық фронттың жылжуымен ауа температурасы төмендей бастайды, ал қар жауу және бұрқасын тек солтүстік облыстарында ғана емес, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде болады, - делінген хабарламада.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы