Демалыс күндері жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. 20 наурыздан астрономиялық көктемнің басталуымен, ауа температурасының тез жоғарылауы байқалады. Көктемгі ауа райының құбылмалы болуы циклондар мен антициклондардың тез алмасуымен байланысты. 

"Сондықтан  30 наурыз – 1 сәуір аралығынағы алдағы үш тәулікте Қазақстан территориясы бойынша ауа райы құбылмалы болады. Кей аймақтарда жауын-шашынды, оңтүстікте де жаңбыр күтіледі.  Мұанан кейін қысқа уақытқа болса да жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі", - делінген таратылған ақпаратта.

30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы