Демалыс күндері оңтүстікте жаңбыр жауады
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Орталық Азия аймағынан Қазақстанға оңтүстік циклоны жылжиды, осыған сәйкес жылу алып келеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері республиканың солтүстік жартысында қар жауып, бұрқасын, батыс бағыттардан қатты жел, оңтүстік және батыс облыстарында жауын-шашын, жаңбырдың аяғы қарға ұласады, таулы аймақтарда қатты қар, тұман және көктайғақ күтіледі.
Дүйсенбіде суық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, бірақ әліде климаттық нормадан жоғары болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы