Демалыс күндері елімізде 15 адам суға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының күрт ысып кетуіне байланысты судағы қайғылы оқиғалар саны көп. 20-21 шілде аралығында еліміздің су айдындарында 15 адам суға кетті. Оның ішінде екеуі бала.  

ҚР ІММ ТЖ комитетінен хабарлағандай, қазіргі уақытта суға түсу маусымының қызып тұрған кезі, осы кезде ауа температурасы жоғары, демалыс маусымы және еліміздің халқы су қоймаларында белсенді түрде уақыт өткізеді. Сондықтан ересектер өз қауіпсіздігі туралы ойланып, балаларды су айдындары мен каналдардың жанында қараусыз қалдырмауы керек.

«Адамдардың қаза болу себептері: 12 адам (оның ішінде 2 бала) суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған, 2–еуі балық аулау кезінде (киімде, жеке құтқару құралдарынсыз болған), 1 гидроциклде сырғанау кезінде (жеке құтқару құралдарынсыз болған). Тек осы демалыс күндері ТЖД бөлімшелері 452 алдын алу тобын құрды, олар 563 рейд жүргізді, 18 711 жаднама таратты, бұл ретте 15 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала», - дейді мамандар.

ҚР ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Демалыс орындарында су айдынында болған кезде:

- алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға кіруге және шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан әрі жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;;

- кемелерге жақындауға;

- су қоймаларын ластауға және оларға қоқыс лақтыруға;

- жағада және киім шешетін орындарда демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

- жалған дабыл айқайларын беруге;

- техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге;

- балаларға ересек адамдарсыз суға кіруге;

- шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы