Еңбек демалысы деген сөзді ұмытыңдар – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынамын, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен мен өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын, - деді ол.
Мемлекет басшысы қазіргі дағдарыс шикізатқа бағытталған экономика үшін аса қауіпті екенін айтты.
Экономикамыз шикізатқа бағытталғандықтан Қазақстан үшін дағдарыс аса қауіпті. Бізге жұмыстың жаңа бағдары қажет, - деді ол.
Тоқаев еңбек демалысына қатысты пікір білдірді.
Жаздың жартысы өтті. Министр, әкім, Президент әкімшлігінің қызметкерлері болсын, ешқандай еңбек демалысына шықпасын. Себебі, жағдай тым күрделі. Демалыс пен еңбек демалысы деген сөздерді ұмытыңдар, - деді президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавируспен күрес. Үкіметке 5 күн мұрсат берілді
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы