Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 6-7 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Синоптиктердің хабарлауынша, тропосфералық ағындардың меридионалдыдан ендікке ауысуына байланысты, Қазақстанға Атлантикадан ауа массаларының келуі бастады.
"Демалыс және мереке күндері республиканың солтүстік облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Батыс Сібірдің солтүстік аймағы арқылы ығысқан циклонға байланысты атмосфералық фронттардың ықпалы болады. Онда кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. Және бұршақ жаууы ықтимал" - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оңтүстік облыстарға Азорлық антициклон болып жатқан Атлантиканың орталық аймақтарынан ауа массалары жылжып келеді. Ал жазда антициклонмен ыстық және құрғақ ауа райы байланысты болады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстік жартысында ауа температурасы көпжылдық мәннен 1…3°С жоғары болуы мүмкін. Сонымен қатар, өткінші жаңбыр таулы аймақтарда басымырақ болады.