Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
21-22 қараша климаттық қыстың басы болып саналады. Бірақ республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарының тұрғындары үшін ерте келіп қана қоймай, аномальды аяздармен басталып, оңтүстік облыстарға да тарады.
Қазақстанға алдағы демалыс күндері солтүстік теңіздерден суық және дымқыл ауа түсуін жалғастырады. Сондықтан республиканың басым бөлігінде бұлтты ауа райы, кей жерлерде қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан екпінді жел соғады, аяз бәсеңдей бастағанымен ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен сақталады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы