26 Маусым 2020 2020, 12:28
Демалыс күндері ауа райы салқындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді циклондық қызмет аймағында болады. Солтүстік циклондар сериясы солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерге мол жауын мен айтарлықтай суық әкеледі: республиканың солтүстік жартысында түнде температура 2-10 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты желдің күшеюі, дауыл соғып, бұршақ жауады, - делінген Қазгидромет таратқан ақпаратта.