Демалуға ерте. Су тасқыны қаупі әлі өткен жоқ – Ахметжанов
Тайтөбе ауылында су тасқынынан негізгі қорғаныс қызметін атқарған үйінділерді нығайту жұмыстары аяқталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті атқарушы органдар мен халықтың күшімен биылғы жылы қолданыстағы бөгетке 2400 метр қысқа мерзімде ұзындығы 1200 метр, биіктігі 2,5 метр жаңасын тұрғызды.
Жұмыс екі ауысымда жүргізілді. 30-ға жуық арнайы техника жіберген Астана әкімдігі көмек көрсетті. Жедел штаб Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы су тасқыны жағдайына мониторингті су қоймаларынан су төгінділерінің деректері бойынша болжамдауды ескере отырып жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Нұра өзенінің жағасы бойынша су массаларының жоспарлы ағуы жүріп жатыр.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Тайтөбе ауылына жұмыс сапары барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарап шықты.
Демалуға ерте. Негізгі су ағыны Нұра өзені арқылы өткеніне қарамастан, су тасқыны қаупі әлі өткен жоқ, - деп атап өтті өңір басшысы.
Атап айтқанда, қосшыға барлығы 300 адам жұмысқа тартылды.