«Дельта плюс». Алматыда 6 адам жаңа штамм жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.
Оның айтуынша, соңғы екі ай ішінде коронавирус инфекциясының симптомдары бірқатар өзгеріске ұшыраған.
Егер қыркүйек айында вирусқа диареялық синдром тән болса, індет жұқтырғандарда қараша-желтоқсан айында нейротоксикалық белгілер байқалды. Яғни дене қызуы көтеріліп, ақыл-естен тану болған. Пациенттердің басым көпшілігі жан сақтау бөліміне түсті, - деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар мегаполистің бас санитарлық дәрігері жаңа штамның пайда болуы мүмкін деп отыр.
Желтоқсанның басында 84 сынаманы зертханаға жіберіп, бүгін нәтижесін алдық. Алты сынамада «дельта плюс» штамы анықталды. Бұған дейін ол қаламызда болмаған. Қазір біз оның бар екендігін ғана анықтадық, ал оның сандық анықтамасы кейінірек айтамыз, - деді Алматының бас санитарлық дәрігері.