Delta Bank-тің топ-менеджерлері ұсталды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджері ұсталды. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады.
Олардың арасында директорлар кеңесінің төрайымы Галина Шалғымбаева, басқарма төрағасы Нұрбол Самзаев, басқарма мүшесі Кенжегүл Қанатпаева бар.
Иә, осы тұлғалардың ұсталғанын растаймыз, - деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2017 жылғы 21 маусымда Ұлттық Банк Delta Bank лицензиясын тоқтатқаны белгілі болды. Сол жылдың 3 қарашасында банк банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айырылды. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, банкке түсетін ақшаны есептеуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Delta Bank-тің өзінің банк шоттары бойынша барлық операция тоқтатылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресей коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны тіркеді
Өзгелердің жаңалығы