Делиде ауаның ластануы адам өміріне қауіпті деңгейге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан астанасы Дели қаласында ауаның ластануы қалыпты нормадан бірнеше есеге асып, адам өміріне қауіпті деңгейге жетті, деп хабарлайды 24.kz.
Қазір шаһарды көк түтін басып отыр. Осыған орай жергілікті тұрғындар мен аймаққа ағылған туристер сыртқа шыға алмай әлек. Тіпті көшеде бетпердесіз жүру мүмкін емес. Ал ауруханада денсаулығына шағымданғандардың қатары күн санап артып барады.Жуырда жергілікті билік мектептер мен колледждердің жұмысын бірнеше күнге тоқтатып, қоғамдық көлік қатынасын шектегеннен кейін жағдай оңалған еді. Алайда бірнеше күннен кейін атмосфераның ластану индексі қайта көтеріліп кетті. Енді мамандар алдағы күндері жағдай одан бетер нашарлай түседі деп дабыл қағуда
Кей мамандар жағдайдың күрт ушығуына Дивали фестиваліндегі отшашудан шыққан түтін себеп дейді. Қазір 20 млн тұрғыны бар Дели қаласының билік өкілдері тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп отыр. Ал аймаққа ағылған саяхатшылар кері қайтуға асық. Өйткені Тәж-Махал кесенесін тамашалауға келген қонақтар сәулетті ғимараттың шаң мен түтіннің арасында көрінбей кеткенін айтып шағымдануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дэвис кубогі: Қазақстан командасының жарыс кестесі жарияланды
Өзгелердің жаңалығы