Дели – Алматы бағыты бойынша әуе рейстер ұшатын болды
Үндістандық «IndiGo» лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үндістанның «IndiGo» төмен бюджеттік әуе компаниясы 2023 жылғы 15 тамыздан бастап Дели – Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Қазақстанға ұшуларды бастауды жоспарлап отыр.
«IndiGo» әуе акомпаниясы Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы болып табылады. Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады.
Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы