«Дельта» штамы антиденеге бағынбауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының «дельта» штамы антиденеге бағынбауы мүмкін. Себебі ол COVID-19-дың базалық штамынан өзгеше деп жазады РИА-Новости.

Аталған штамм адамнан адамға жылдам жұғатын қасиетке ие. Сонымен қатар вакцинациялау салдарынан антидененің бейтараптаушы әрекеттеріне бағынбайды. Ғалымдар оны жоғары патогендік қабілеті бар, яғни жағымсыз салдардың үлкен ықтималдылығымен барынша ауыр жағдайды тудыруы мүмкін деп бағалап отыр.

Коронавирус инфекциясының штамдарынан қорғану үшін антидененің қандай мөлшері қажет екендігі туралы бұған дейін де айтылып жүр.

Ал ДДСҰ антиденені бейтараптандырушы бірлік – banding antibody units деңгейін анықтаудың жаңа стандартын енгізген еді. Ол бойынша «дельта» – ең агрессивті штамм. Оған 300 BAU жеткілікті деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы