Үш жылға дейін бала күтімімен отырған аналарға "декретный" төленуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бала күтімі бойынша үйде отырған аналарға 3 жылға дейін жәрдемақыны төленуі мүмкін.


Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
Елімізде көпбалалы отбасыларды қолдау жақсарып келеді.Жыл сайын елімізде 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бала туу және 1 жасқа дейінгі баланың күтімі үшін жұмыс істемейтін аналарға бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы, ал жұмыс істейтін аналарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы енгізілді. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқалармен марапатталған, "Батыр ана" атағын алған 235 мың көпбалалы анаға арнайы жәрдемақы төленуде. Мүмкіндіктері шектеулі балаға, бала кезінен бірінші топтағы кәмелетке толған мүгедекке күтім жасап отырған 99 мың адам ай сайын жәрдемақы алады, - дейді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, 2019 жылы ана мен баланы қолдауға бюджеттен және міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан 372,4 млрд теңге бөлінген.
2020 жылға осы мақсаттарға 558,5 миллиард теңге қарастырылған. Дегенмен, көпбалалы отбасыларды қолдау көлемін әлі де көбейту қажет. Бала күтімі бойынша үйде отырған аналарға жәрдәмақы төлеу мерзімін 1,5 немесе 3 жылға дейін ұлғайту нұсқаларын қарастырып жатырмыз, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы