Декларацияны кім тапсырады? – Көп сұраққа бір жауап
Қаржы министрі Мәди Тәкиев декларацияны кім тапсыратынын нақтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс кулуарында министр енді декларацияны нақты кім тапсыратынын атады.
Олар:
- мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары;
- квазимемлекеттік сектор басшылары мен олардың жұбайлары;
- 20 000 АЕК-тен (73 840 000 теңге) жоғары қаржыға мүлік сатып алғандар;
- шетелде мүлігі бар азаматтар;
- шетел банктерінде қаржысы бар азаматтар.
Сонымен қатар декларацияны азаматтар қалауы бойынша тапсыра алады.
Полицейлер мемлекеттік қызметкерлер қатарына кірмейді, ал мұғалімдер бюджет саласы қызметкерлері, - деп қоса кетті Мәди Тәкиев.
Еске салсақ, декларация тапсыратындар байлығын туысқандарына жаза алмайтыны туралы және кімдер декларация тапсырмайтынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек халықты декларациядан босатса не болатынын айтқан еді. Сонымен қатар, декларация тапсыру кезінде кірісіңізді жасырсаңыз не болатыны туралы жазған болатынбыз.