Декларацияда жалған мәлімет ұсынғандар 6 жылға сотталуы мүмкін

Елімізде активтерді ашу туралы декларация институты енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңның Мәжіліс депутаттарының бастамасымен жасалған жобасында активтерді ашу туралы декларация институты енгізу көзделген.

Ол институт аталған заң субъектілеріне тиесілі активтердің шығу көздерінің заңдылығын анықтап, тексеруге негіз болады.

Мұндай декларацияларды ұсыну субъектілердің құқығы болып табылады, - деп жазылған құжаттың салыстырмалы кестесіне берілген түсініктемеде.

Осы құқығын пайдалану кезінде декларация арқылы көрінеу теріс мәлімет берген тұлғалар жауапқа тартылмақ. Жазаның ең ауыр түрі – 6 жылға бас бостандығынан айыру.

Табыс етілген мүлікті жария ету туралы декларацияда көрінеу жалған мәліметтер беру арқылы заңсыз алынған, оның ішінде алып қойылған мүлікті мемлекет меншігіне айналымнан жасыру әрекеті үшін мүлкін тәркілеп, 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - делінген ұсынылып отырған редакцияда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы