Декларация тапсыратындар байлығын туысқандарына жаза алмайды

Қаржы министрі Мәди Тәкиев депутат Бақытжан Базарбектің декларацияға қатысты пікіріне жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін мәжілісмен декларациядан босату жемқорлыққа жол ашуы мүмкін екенін айтқан болатын.

(Декларация тапсыратын адамдар байлығын), мүлігін өзінің туысқандарына жаза алмайды. Егер жазса, онда туысқаны қай көзден қандай мүлік сатып алғанын көрсетеді. Оны “туысқаным берді” деп айтпайды ғой. Сондықтан оны тексеру жеңіл, - деп түсіндірді министр.

Кеше кімдер декларация тапсырмайтынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек халықты декларациядан босатса не болатынын айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы