Декларациялаудың бірінші кезеңі аясында 437 мыңнан астам адам салық есептілігін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.
Оның айтуынша, азаматтар электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға онлайн өтінім бере алады, ал «Салық төлеушінің кабинетіне» смс-код арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз кіруге болады.Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен жабдықталған. Халыққа ыңғайлы болу үшін декларация тапсыруға электрондық қызметтер көзделген: салық төлеушінің кабинеті, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы, - деді министр.
Қабылданған шаралар жалпыға бірдей декларациялау кезеңінде жеке тұлғалардың салық декларацияларын қабылдауды уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Әрдайым ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, апта сайын онлайн режимде орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсіндірулер жүргізіледі.Осыған ұқсас жұмыстарды аумақтық мемлекеттік кірістер органдары барлық өңірлердегі халықпен және мемлекеттік органдармен атқаруда, - деді ол.
Министр атап өткендей, Instagram, Facebook, Telegram және YouTube әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирлер өткізіледі.
Декларациялауды оңайлату мақсатында декларациялауға жататын мүліктің тізбесін нақтылау
және жыл сайынғы қысқаша декларацияны беру жөніндегі міндеттемені алып тастау бойынша заңнамалық шаралар қабылданды. Енді Азаматтар декларацияда мемлекеттік органдарда тіркелген мүлікті және екінші деңгейдегі банктердегі ақша туралы ақпаратты көрсетпейді, - деді Жамаубаев.
Оның айтуынша, бұл деректер автоматты режимде министрліктің интеграцияланған деректер базасына келіп түседі.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясы ұсынылады. Декларацияны тапсыру мерзімі: қағаз түрінде - 15 шілдеге дейін, электронды түрде - 15 қыркүйекке дейін. Бұл жинақталған активтерді тіркеу және кейіннен оның өсімінің мониторингі үшін бір-ақ рет ұсынылады. Декларацияда көлік құралдары, заңды тұлғадағы қатысу үлестері, шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік және шетелдік банктердегі ақша қаражаты туралы мәліметтер көрсетіледі, - деді ол.
Жамаубаев жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген адамдар кейіннен кірістері мен мүлкі туралы декларацияны
ұсынуға тиіс екенін айтты.
Бұл ретте, егер активтер мен кірістер бойынша айналымдар болмаса кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынбауға болады. Бұл жыл сайын декларацияны тапсыруға міндетті декларанттардың санын 12,9 млн. адамнан 3,5 млн. адамға дейін азайтуға мүмкіндік береді, - деді ол.
Министр атағандай, «Кіріс» декларациясын тапсыру қорытындысы бойынша камералдық бақылау жүргізілетін болады.
Содан кейін заңнаманы жетілдіру және ақпараттық жүйелерді пысықтау жөнінде шаралар қабылданатын болады.Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, жеке тұлғаларды санаттарға бөлу үшін Министрлік нормативтік актілерге қажетті өзгерістер енгізді, - деді ол.
Ол атағандай, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген жеке тұлғалар декларацияда көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті, сондай-ақ басқа да активтерді сатып алудың заңдылығы бойынша 2025 жылға дейін тексеруге жатпайды.
Декларациялаудың бірінші кезеңі аясында бүгінгі күні 437 мыңнан астам адам салық есептілігін ұсынды.Бұл жоспарланған көрсеткіштің - 91%.Халық арасында декларация тапсырудың ең танымал тәсілдері «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы және Салық төлеушінің кабинеті болып табылады.Олардың үлесіне барлық қабылданған декларациялардың шамамен 95% тиесілі, - деді Жамаубаев.