ДДҰ: маймыл шешегіне байланысты жарияланған ТЖ режимі аяқталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) маймыл шешегіне байланысты енгізілген денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай режимінің күшін жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдай режимі 2022 жылдың тамызында жарияланған болатын.

Кеше Төтенше жағдайлар комитеті өзінің бесінші кездесуін өткізіп, маған халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың аяқталғанын жариялауды ұсынды. Мен бұл ұсынысты қолдадым. Маймыл шешегі енді денсаулық сақтау саласындағы жаһандық төтенше жағдай болып табылмайтынын мәлімдеймін, - деп РИА Новости ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың сөзін келтіреді.

Эпидемия басталғаннан бері ДДҰ-ға 111 елден 87 мыңнан астам жағдай мен 140 өлім-жітімнің тіркелгені туралы хабарлама келіп түсті.

Маймыл шешегі - сирек кездесетін вирустық инфекция, ол адамдар арасында да таралады. Бұл, әдетте жеңіл-желпі ауруға жатады, мұндайда адамдардың көбісі бірнеше апта ішінде қалпына келеді, бірақ кейбіреулерінде асқынулар болуы мүмкін. Маймыл шешегінің алғашқы белгілеріне дененің қызуы, бас ауруы, бұлшықеттердің ауруы, арқаның құрысуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қалтырау және шаршап-шалдығу жатады. Бөртікен де пайда болуы мүмкін, көбінесе беттен басталып, содан кейін дененің басқа бөліктеріне өтеді. Бөртпе асқынып, қышыма пайда болғанға дейін әртүрлі кезеңдерден өтеді, ол кейін жоғалады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay
Өзгелердің жаңалығы