«ДДҰ адамдарды өлтіреді». Хамитов тағы да даулы мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов АҚШ Конгрессінің Джо Байден президент етіп тағайындау туралы қаулысына қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы жазбасын инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

Байден президент болды, енді коронавируспен ауырушылар күрт көбейеді, бұдан Қазақстан да тыс қалмайды! Елдерге карантин жарияланады... Адамдар қайтадан ауадан зардап шеге бастайды! Дағдарыс жасанды түрде жасалады, демократия атын жамылған ессіз заңдар қолданылады, ал медицина мен ДДҰ адамдарды өлтіреді! Қысқасы, бізді қиын кезеңдер күтіп тұр.., - деп жазды Қуат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы