ДДСҰ: Әлемде вакцинация әлі бастамаған 26 ел бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда көптеген елде барлық медицина қызметкері мен қауіп-қатер тобын қамту үшін вакцина жеткіліксіз.
Әлемнің 26 елінде әлі де Сovid-19 вакцинациясы бастаған жоқ. Ал табысы төмен елдерде егілген бір адамға вакцина алмаған 500-ден астам адамнан келеді. Бұл туралы ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс мәлімдеді, деп жазды who.int.
Өздеріңіз білетіндей, жылдың басында біз барлық елде вакцинацияны жылдың алғашқы 100 күнінде бастауға шақырдық. 220 ел мен экономиканың 194-і вакцинацияны бастады, ал 26-сы жоқ. Сол 26 елдің жетеуі вакцина сатып алды және вакцинацияны бастай алады, ал алдағы күндері тағы бес елге вакцина жеткізілуі керек. Бірқатар себеп бойынша вакцинацияны әлі бастамаған 14 ел бар. Кейбіреулер вакциналарды Covax арқылы сұрамады, басқалары әлі дайын емес, ал кейбіреулері алдағы апталар мен айларда бастауды жоспарлап отыр, – деді ДДСҰ басшысы брифинг барысында.
ДДСҰ бас директорының айтуынша, көптеген елде барлық медициналық қызметкер мен қауіп-қатер тобын қамту үшін вакциналар жетіспейді. Ол сонымен қатар әлемдегі вакцинаның таралуындағы үлкен теңсіздік барын атап өтті.
Бүкіл әлемде вакцинаның 700 миллионнан астам дозасы енгізілді, бірақ 87%-дан астамы табысы жоғары немесе орташа табысы жоғары елдерге жеткізілді, ал табысы аз елдер тек 0,2% алды. Орташа алғанда, табысы жоғары елдерде әрбір төртінші адам вакцина алды. Табысы төмен елдерде бұл 500-ден астам, - деді Тедрос Адханом Гебрейюс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы