ДДСҰ: Жәндіктер арқылы жұғатын вирус туристерге қауіп төндіруде

Жәндіктердің шағуы арқылы жұғатын Оропуш безгегі туристер мен ол таралған жердің тұрғындары үшін қауіп төндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Global News-тің мәліметіне сүйенсек, Оропуш безгегі ұсақ шыбындар, масалар шаққан кезде жұғатын, өлімге әкелетін зоонозды ауруға жатады. Оның таралуы туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасады.

Бүгінгі таңда Зика және денге безгегі сынды Оропуш безгегін тарататын вирусқа қарсы да вакцина жоқ.

Вирус Орталық және Оңтүстік Америкада көп таралған. Алайда биыл Куба, Италия және Испания сынды елдерге де таралып жатыр.

25 шілдеді Оропуш безгегімен байланысты алғашқы өлім тіркелді.

ДДСҰ Куба сынды танымал туристік бағыттарда вирустың таралу қаупін ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы