ДДСҰ: Жаңа штамм зерттеліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африкадан тараған жаңа штамм коронавирустан айығып шыққандарға қауіпті, деп жазды «Хабар 24».  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай пікір білдірді. Бірақ сарапшылар вирустың бұл түрі коронавирустың өзге түрлеріне қарағанда қаншалықты жұқпалы екені белгісіз дейді. Мәселені анықтауға бірнеше апта кетуі мүмкін. Дегенмен жаңа штамм алғаш тіркелген Оңтүстік Африка республикасында науқастар қатары артып барады. Оның омикронмен байланысы әлі зерттелу үстінде. Халықаралық ұйым вакцинаның бұл штамға қалай әсер ететінін де тексеріп жатыр. Ал ЕуроОдақ басшылығы ахуалға байланысты сақтық шараларын күшейтуге шақырды. 

Коронавирустың жаңа штамы бізді алаңдатып отыр. Себебі ол туралы әлі мәлімет аз. Ғалымдарға оны зерттеп, толық ақпарат жинау үшін бірнеше апта қажет. Сондықтан халықты вакциналау өте маңызды. Екпе адам ағзасындағы антиденелерді күшейтіп, дерттен қорғайды, –  деді Еурокомиссия президенті Урсула Фон Дер Ляйен.

Ал Изарильде «Омикрон» штамын жұқтырғандар  барлау қызметінің бақылауында болады. Үкімет басшысы осындай жарлыққа қол қойды. Індеттің бұл түрін жұқтырғандар ұялы телефон арқылы қадағаланады. 

Биліктің мәлімдеуінше, шара індеттің таралуының алдын алу үшін қабылданған. Ол желтоқсанның 2-сіне дейін жүргізілмек. Мароккко билігі де жаңа штамға байланысты өзге елдермен әуе байланысын тоқтатты. Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Шара 2 аптаға созылады. Осы уақыт аралығында жағдай жіті бақыланып, соның негізінде тыйымды тоқтату немесе жалғастыру туралы шешім қабылданбақ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Перуде жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы