ДДСҰ: Вакциналардан өлім тіркелмеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДҰ-да коронавирусқа қарсы 12 препарат қарастырылуда. Оларға өздерінің тиімділігі мен қауіпсіздігі тұрғысынан баға беріледі.
Әлемде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардан өлім әлі тіркелмеген.
Бұл туралы сәрсенбі, 20 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшысы Мариангела Симао мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
Бізде нарықта кеңінен қолданылатын вакцина бар. Бұл Pfizer. Осы уақытқа дейін вакциналардан бірде-бір өлім тіркелгенін көрген жоқпыз, - деді ол.
Сонымен бірге, ДДҰ өкілінің айтуынша, бірнеше жанама әсерлер тіркелді, мысалы, анафилактикалық шок, ал кейбіреулері «ауыр аллергияға бейім».
Мұндай жағдайда арнайы медициналық мекемелерде вакцина егу керек деп түсіндірді Симао.
Ол сондай-ақ ДДҰ вакцинаның кез келген елеулі жанама әсерлерін мұқият бақылап отыратынын және өз ұсыныстарын жаңартып отыратынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. «Қызыл» аймаққа 7 өңір енді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы