ДДСҰ қатерлі ісікке қатысты тың дерек жариялады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде қатерлі ісіктің әр төртінші жағдайының алдын алуға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2022 жылы тіркелген қатерлі ісіктің барлық жаңа жағдайларының 37%-ы, яғни шамамен 7,1 миллион жағдай алдын алуға болатын себептермен байланысты болады деп болжанып отыр.
ДДСҰ Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің (IARC) қатысуымен 4 ақпанда өтетін Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай арнайы есеп жариялады.
Есепте әлемдегі қатерлі ісік жағдайларының әр төртіншісінің алдын алуға болатыны айтылған.
2022 жылы қатерлі ісіктің барлық жаңа жағдайларының 37%-ы, яғни шамамен 7,1 миллион жағдай алдын алуға болатын себептермен байланысты деп бағаланады. Зерттеу нәтижелері қатерлі ісіктің жаһандық жүктемесін азайтуда алдын алу шараларының әлеуеті өте жоғары екенін көрсетеді, – делінген Темекі, алкоголь, қозғалыс аздығы, ауаның ластануы, ультракүлгін сәулелену және инфекциялар сияқты алдын алуға болатын 30 себеп талданған зерттеуде.
185 елдің деректері мен қатерлі ісіктің 36 түрі негізінде әзірленген есепте темекі қатерлі ісіктің алдын алуға болатын негізгі себебі екені көрсетілген. Оның үлесіне әлемдегі қатерлі ісіктің барлық жаңа жағдайларының 15%-ы тиесілі. Ал инфекциялар мен алкоголь тұтыну тиісінше қатерлі ісік жағдайларының 10% және 3% себебі ретінде көрсетілген.
Өкпе, асқазан және жатыр мойны обыры әлем бойынша алдын алуға болатын қатерлі ісік жағдайларының шамамен жартысын құрайды. Өкпе обыры көбіне темекі шегу мен ауаның ластануымен байланысты болса, асқазан обыры едәуір деңгейде Helicobacter pylori инфекциясымен, ал жатыр мойны обыры әдетте адам папилломасы вирусымен (АПВ) байланысты болады.
Ерлерде қатерлі ісіктің 23%-ы темекіден, 4%-ы алкогольден туындайды. Ерлер арасында алдын алуға болатын қатерлі ісік жағдайлары әйелдерге қарағанда айтарлықтай көп. Есепте көрсетілгендей, қатерлі ісіктің жаңа жағдайларының 45%-ы ерлерде, ал 30%-ы әйелдерде алдын алуға болатын себептермен байланысты.
Ерлерде қатерлі ісіктің барлық жаңа жағдайларының шамамен 23%-ы темекі шегуден, 9%-ы инфекциялардан және 4%-ы алкогольден туындаған, – делінген есепте.