ДДСҰ: Пандемия салдарынан адамзаттың өмір сүру ұзақтығы 2 жылға қысқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем бойынша адамдардың өмір сүру ұзақтығы пандемия кезінде екі жылға қысқарған.
Бұл туралы ДДСҰ-ның өкілі мәлімдеді деп жазады РИА-Новости.
Пандемия қазір сіздер көріп отырған өлім-жітім деңгейіне алып келді. ДДСҰ таратқан ақпаратқа сәйкес, әлемдегі өмір сүру ұзақтығы екі жылға қысқарған, - делінген ДДСҰ өкілі таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Microsoft компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтс алдағы 20 жылда адамзат тарихында тағы да жаңа пандемия орын алуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Ол инфекцияны адамдар өздері ойлап табуы мүмкіндігін атап өтті. Тіпті індетті әдейі тарататын қандай да бір биотеррористің әрекетінің салдарынан орын алуы ықтимал. Гейтс сондай-ақ жер бетіндегі адамдардың саны өсіп, адамзат жаңа экожүйеге еніп бара жатқанын алға тартты. Сондықтан ауру табиғи сипатқа да ие болуы ғажап емес.