ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне қарсы алғашқы екпені мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш вакцина Данияда жасалынған. Препарат алдын ала квалификациядан өткізілді. 

Маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаның алдын ала квалификациядан өтуі - қазір Африкадағы аурудың өршуіне және болашақта дертпен күресте маңызды қадам саналады, - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегінің өршуін халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады. 

Reuters мәліметінше, дерт жақын араласқан кезде жұғады. Әдетте ауру белгілері айрықша білінбей, жеңіл өтеді. Дегенмен кей кездері өліммен аяқталуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанда жұқпалы дерттің алдын алу үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Мәселен, еліміздің бас санитары маймыл шешегіне қатысты арнайы қаулыға қол қойды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы