15 Қыркүйек 2024 2024, 10:42
Фото: pixabay.com
ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл препарат Африкада маймыл шешегінің таралуын тежеуге көмектесетін дәрілердің ресми тізіміне енді, деп хабарлады ұйым.
Шешекке қарсы алғашқы вакцина осы аурумен күрестегі маңызды қадам болып саналады, - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус.
Данияда жасалған вакцинаны бір ай арақашықтығымен екі рет ексе, тиімділігі 82% болады деп бағаланып отыр.