ДДСҰ: Маймыл шешегі – бүкіл әлемге төтенше жағдай тудырып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус маймыл шешегін халықаралық ауқымдағы төтенше жағдай деп жариялады. 

Бұл туралы ұйымның Twitter-дегі парақшасы хабарлады. 

ДДСҰ басшысының айтуынша, маймыл шешегінен туындайтын аурудың қатері Еуропаны қоспағанда, бүкіл әлемде шектеулі деңгейде қалып отыр. 

Мен маймыл шешегінің жаһандық тарауы денсаулық сақтау саласында халықаралық мәнге ие апатты жағдайды тудырып отыр деген шешімге келдім. Еуропада ол жоғары болып отыр. Ұйымның қолында аурудың таралуын тоқталып, бақылауда ұстау үшін қажетті құралдардың бәрі бар. Осы орайда, барлық мемлекеттердің сәйкес ұйымдармен жұмыс істегені аса маңызды, - деді Тедрос Гебрейесус. 

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сүйенсек, мамыр айына бастап бүгінге дейін  маймыл шешегі 75 мемлекетте тіркелген. Барлығы 16 мың адам ауырған, олардың арасында балалар да бар. Бес адам шешектен қайтыс болды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы