ДДСҰ: Коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы Еуропада коронавирус инфекциясының үшінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті. деп хабарлады Қазақстандағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Ұйым Еуропа елдеріне вирусты бақылауға алуы керек екендігін ескертті.

Еуропа коронавирустық инфекция пандемиясының үшінші толқынына 2021 жылдың басында тап болуы мүмкін Олар бірінші толқынды бақылауға алғаннан кейін жаз айларында қажетті инфрақұрылымды салуды жіберіп алды. Қазір екінші толқын жүріп жатыр. Егер олар қажетті инфрақұрылымды салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқын болады, – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро.
Ол сонымен қатар, Еуропаның Азия елдерінен үйренетін нәрсе бар екенін айтты.
Вирусқа жылдам әрі батыл жауап беру керек. Әсіресе бастапқыда вирустың әр түрлі қауымдастықтар ішінде өте баяу таралатын кезінде. Егер сіз сенімсіз әрекет жасасаңыз, мәселе өте тез ушығады, - деді ДДҰ-ның арнайы өкілі.
Еуропа елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. 

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жалпы саны 59 миллионға жақындады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы