ДДСҰ коронавирустық вакцинация қарқынын баяулатуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір елді ғана вакциналармен қамтудың орнына, біз әлемнің барлық елін тұтас қамтуымыз және оны бірге жасауымыз керек, деп атап өтті ұйым өкілдері.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) дамыған елдерді халықты Сovid-19 инфекциясына қарсы вакцинациялау науқанын бәсеңдетуге шақырды. Тек осылай ғана препарат кедей мемлекеттерге де жетеді. 

Бұл туралы ДДСҰ баспасөз хатшысы Маргарет Харрис BBC News-ке берген сұхбатында айтты.

Біз мол мүмкіндігі бар барлық елден сұраймыз: тоқтай тұру керек, вакцинация әлі басталмаған елдердің басқа топтарын күту қажет. Вакциналарды бір елге жабудың орнына, біз барлық елді тұтас қамтуымыз керек және оны бірге жасауымыз керек, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы