ДДСҰ коронавирус пен тұмаудың айырмашылығы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы диагноз қоярда ПТР-ден бөлек не нәрсеге назар аудару қажеттігі туралы айтты. Бұл туралы lenta.ru жазды. 

COVID-19 бен тұмаудың белгілері ұқсас. Екеуіне де жөтел, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, қалтырау және шаршау тән. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, SARS-CoV-2 кезінде осы симптомдарға дәм және иіс сезу қасиетінің жоғалуы, демікпе қосылады. Сонымен қатар, асқа мүлдем тәбеттің болмауы, бірнеше күн 38 градустан төмен түспеген температура мен кеуде тұсының үнемі ауыруы науқастың психикасы мен ақыл-есіне кері әсерін тигізуі мүмкін. 

Сандырақтау, есті жоғалту сынды синдромдар орын алса үйде емделуге қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, науқас бір кезде екі аурумен бірге ауырса, бұл оның ағазасы үшін қауіп пен қатерге толы үлкен сынақ болатынын ескертті. Созылмалы аурулары бар адамдар мен қауіп тобына жататындар суық тиюдің аз ғана белгілері болғанның өзінде дәрігер кеңесіне жүгінулері қажет. 

ДДСҰ тұмауға қарсы егілген екпе коронавирустан сақтамайтыны және симптомдардың жеңіл өтуіне ешқандай әсер етпейтінін айтты. Ал ресейлік «Вектор» медициналық орталығының басшысы Ринат Максютов тұмау мен коронавируске бірдей әсер ететін вакцина жасап шығаратынын мәлімдеген. Оның айтуынша, зерттеу жұмыстары басталып та кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы