ДДСҰ: Газада мыңдаған науқас медициналық эвакуацияға мұқтаж
2023 жылғы қазаннан бері Газадан 12 913 науқас, оның ішінде 6 186 бала медициналық эвакуацияланған.
Мыңдаған науқас атысты тоқтату режиміне қарамастан, Израиль қоршауындағы Газа секторынан медициналық эвакуацияны күтуде. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Тарик Яшаревич мәлімдеді, деп хабарлады Анадолы агенттігі.
Оның айтуынша, 2023 жылғы қазаннан бері Газадан 12 913 науқас, оның ішінде 6 186 бала медициналық эвакуацияланған. Сонымен қатар олармен бірге шамамен 16 мың еріп жүруші эвакуацияланған.
Медициналық эвакуация аптасына 3-4 рет жүргізіледі. 2-8 тамыз аралығында 101 науқас пен 164 еріп жүруші Газа секторынан шығарылған.
«Мыңдаған пациенттер әлі де медициналық эвакуацияны күтуде», – деді ДДСҰ өкілі.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы қазаннан бері Израильдің анклавқа жасаған шабуылдарынан 73 386 адам қаза тауып, 174 256 адам жараланған.