ДДСҰ: Еуропада әр төртінші бастауыш сынып оқушысы артық салмақтан зардап шегеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа есебіне сәйкес, Еуропада 7-9 жас аралығындағы балалардың 25 пайызы артық салмақпен, ал 11 пайызы семіздікпен зардап шегеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесінде артық салмақтың таралу деңгейі елдер арасында 9%-дан 42%-ға дейін, ал семіздік 3%-дан 20%-ға дейін өзгеретіні анықталды. Орта есеппен ұл балалардың 13 пайызы, қыздардың 9 пайызы семіздікке шалдыққан.

ДДҰ сарапшыларының айтуынша, сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 66 пайызы өз балаларының артық салмақты екенін мойындамай, «қалыпты» немесе «төмен салмақты» деп есептеген.

Зерттеу барысында өңірдің 37 елінен 6-9 жас аралығындағы 470 мың баланың бойы мен салмағы туралы мәліметтер жиналды. Бұл – Еуропада балалар арасындағы семіздік көрсеткішін бағалауға арналған ДДҰ-ның алтыншы есебі.

Мамандардың айтуынша, балалардың артық салмақ мәселесі тамақтану мәдениеті мен қозғалыс белсенділігінің төмендеуімен тығыз байланысты. ДДҰ ата-аналарды балаларының денсаулығына ерекше назар аударып, дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салтын қалыптастыруға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы