ДДСҰ: Еуропа мен Орталық Азия пандемия ошағында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 таралу қарқыны бойынша Еуропа мен Орталық Азияның кез келген елінде рекорд орнауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды БҰҰ сайты.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, 25-31 қазан аралығында Еуропа мен Орталық Азияда 1,8 миллион жаңа дерек тіркелген, 24 мың адам қайтыс болған. Өткен аптамен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өсуі сәйкесінше 6 және 12 пайызға жеткен. Сонымен қатар, Еуропа мен Орталық Азия әлемдегі барлық жағдайдың 59 пайызын және барлық өлім-жітімнің 48 пайызы болып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы