ДДСҰ басшысы COVID-вакцинациясын бастаған елдерге мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тедрос Аданом Гебрейесус 10 сәуірге дейін халықты коронавирустан иммундау процесі әлемнің барлық мемлекетінде басталады деп үміттенеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус әлемдік көшбасшыларды вакцинацияны мүлдем бастамаған елдерге коронавирустық вакцинаның 10 миллион дозасын дереу бөлуге шақырды. 

Бұл туралы ол 1 сәуір күні Женевада өткен брифингте мәлімдеді, деп жазды korrespondent.net.

Бас директордың айтуынша, оның бұрынғы осыған ұқсас үндеуі естілгенімен, әлі нәтиже берген жоқ.

Өткен аптада мен ДДСҰ шұғыл қолдануға ұсынған дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілген COVID-19 вакциналары бар елдерге 10 миллион дозаны COVAX-пен дереу бөлісуді сұрадым, - деді Гебрейесус. 

Сонымен бірге ДДСҰ басшысы бұл дәрі-дәрмектер әлі күнге дейін вакцина алмаған 20 мемлекеттің медицина қызметкерлері мен қарттарды 10 сәуірге дейін вакцинациялай бастауы үшін қажет екенін айтты.

Мен әлі де мемлекет басшылары тарапынан жауап аламын деп үміттенемін, - деді Гебрейесус. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы