ДДСҰ бағдарламасы бойынша жаттықтырушылардың ІІ тобын оқыту басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, Алматыда CST бағдарламасы бойынша ата-аналарды дамуында ерекшеліктері бар балаларға күтім жасау дағдыларына оқыту үшін жаттықтырушылардың екінші тобын дайындауды бастады.

14 адамнан тұратын болашақ жаттықтырушылардың бірінші тобын оқыту 19-23 шілде аралығында Шымкентте өтті.

Екінші топқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Тараз және Шымкент қалаларынан 21 адам кірді. Қажетті білім мен дағдыларды алғаннан кейін олар отбасыларымен бірге 40 баламен айналысады.

Оқу курсына материалдарды бейімдеу, жаттықтырушыларды даярлау, мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді. Дамуында кідірісі бар, оның ішінде аутистік спектрдің бұзылуы байқалатын 2-9 жастағы балаларды күтіп-бағумен айналысатын адамдар аталған бағдарламаның нысаналы тобы болып табылады. Алайда6 оқу бағдарламасын норматипті балаларға да қолдануға болады.

Курстың мақсаты - ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен келісім мен өзара қарым-қатынасты дамыту, мінез-құлықты басқару дағдыларын жақсарту, бейімделу дағдыларын дамыту және отбасы өміріне қатысу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту.

Сондай-ақ жоба стресті жағдайларды басқару дағдыларын дамытуды, түйткілдерді шешуді және жалпы ата-аналардың әл-ауқатын жақсартуды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, CST (CaregiverSkillsTrainingforFamiliesofchildrenwithdevelopmentaldisoders) – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуы кеш немесе дамуы артта қалған балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.

Бағдарламада мінез-құлықты қолданбалы талдау, даму туралы ғылым, әлеуметтік коммуникация іс-шаралары, оң тәрбие және өзіне-өзі қызмет көрсету әдістері қағидаттары қолданылады.

Сонымен қатар бағдарламада нақты жағдайда не істеу керек, жақын болашақта қандай міндеттер межелеген абзал сияқты ересек тарап пен баланың өзара әрекеттесуінің қадамдық стратегиялары бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы